Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Мақпал Жүнісова өзінің желідегі парақшасында қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегеноваға "Еңбек ері" атағы берілмегенін атап өтті. Ол оны опера әншісінің қызынан білген.
Сонымен бірге ол: "Қазақтың ұлы әншісі, бұлбұлына Бибігүл Төлегеноваға осы күнге дейін ”Еңбек Ері“ деген атақ берілмегенін бүгін қызының аузынан естіп, таң қалдым, арамызда жүргенінде неге 95 жасқа дейін марапаттамаған екен?", - деп жазды.
Бір қызығы әнші онда Майра Ілиясовамен бірге түскен суретін жүктеген. Көпшілік оны Ілиясованың айыптағанына орай берген жауабы деп болжаған.