Ол мұндай дәстүрді Қазақстанның батыс өңірі баяғыда ысырып тастағанан атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Этностильді тек Наурызда ғана кию керек деген түсінікті батыстың дизайнерлері баяғыда-ақ күн тәртібінен ысырып тастағандай, бұл жеке көзқарасым. Байқайсыздар ма, жәй ғана джинсының үстіне қажекей киіп, басына шекелік не тақия, шолпы таққан жастарды көрсең сүйсінесің.
Наурызнаманың 10 күндігі біреулер үшін ерекше болса, біз үшін кейде күнделікті өмірдей өтіп кетуі мүмкін. Ал Батыс өңірінде бұл - нағыз той.
Соңғы сән үлгісінен қалмай, қазақы нақышты сақтап образ тігетін мықты дизайнерлер де сіздер жақтан шығып жатыр. Соның дәлелі менің үстімдегі @aliya_tuman_atelier киімдері", - деді ол.