"KazEnergy" қауымдастығы Қазақстанда мұнайгаз кешені кәсіпорындарының мамандарына қойылатын біліктілік талаптары жөніндегі мәліметтер базасын құруды ұсынады

Бұған қоса, Ғ. Толқынбаевтың айтуынша, "KazEnergy" "энергетика саласы нарығындағы мамандарға деген сұранысты анықтап, ұзақ мерзімді перспективаға осы сұранысты болжау" қажет деп санайды.

"Сонымен қатар компаниялар салаға арнап маман дайындайтын бір немесе бірнеше оқу орнын қамқорлыққа алып, оның аясында материалдық базаны жаңалау, компаниялар мен білім беру мекемелері арасында тікелей байланыстар орнатып, оқушыларды тәжірибеден өткізу және біліктіліктерін шыңдау жолымен олардың арасынан маман таңдауы қажет", -деді қауымдастық өкілі. Оның пікірінше, KazEnergy қатысушылары мен әріптестері "мұнайгаз және энергетика бағытындағы оқу орындарының рейтингін айқындауға атсалысуға тиіс".

Қауымдастық мәліметтерінше, қазіргі таңда Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беретін 830 оқу орны арасынан тек 75 ғана мұнайгаз және энергетикалық бағыттағы мамандықтар бойынша маман дайындауда. Оларда 16 120 адам оқиды, бұл кәсіптік білім беру ошақтары жүйесінде оқитындардың 3%-ін құрайды. Республикадағы 176 жоғары оқу орнының 41-інде аталмыш мамандықтар боцынша маман дайылдалады, оларда 26 мыңнан астам студент оқиды.

Қауымдастықтың атқарушы директорының пайымдауынша, осынау білім ошақтарындағы басты проблемалар - "мемлекеттік мекемелердің жеткіліксіз қаржыландырылуы, кәсіби білікті оқытушылардың жеткіліксіздігі, оқушылардың тәжірибеден өтпеуі, оқу және оқу-әдістемелік құралдардың тапшылығы" болып табылады.