Kazenergy және Энергетика министрлігі ынтымақтасуға келісті


Құжатқа сәрсенбіде қауымдастық жетекшісі Тимур Құлыбаев пен энергетика министрі Владимир Школьник қол қойды.
Келісім энергетика министрлігіне мұнай газ саласында мемлекеттік саясатты құру мен жүзеге асыру үрдісінде қауымдастықтың сараптамалық, кадрлық және қаржылық ресурстарын пайдалануға мүмкіндік бермек.
Қауымдастық тек өз мүшелерінің ғана емес, кең ауқымдағы инвесторлар мүдделерінің қорғалуын тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік алады.