Тулузада ЖҚЗ ғарыш жүйесінің меншік құқығын әзірлеушіден (француздық Airdus Defence and Space компаниясы) қазақстандық тапсырыс беруші «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-ға беру сертификатына қол қойылды.
«Соңғы штаттық пайдалануға қабылдау актісіне қол қойғаннан бастап ҚР ЖҚЗ ғарыш жүйесінің жерсерігі мен жер үсті инфрақұрылымын сақтандыру шарты күшіне енеді», - деді «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин.
Қазақстандық КazEOSat-1 жерсерігі француздық Гвианадағы Куру ғарыш айлағынан 2014 жылғы 30 сәуірде еуропалық «Вега» зымыран-тасығышымен ұшырылды. Жоғары кеңістіктікте 1 метр панхроматтық режімді және 4 метр мультиспектральдық режімді ғарыш аппаратының көзге көрінетін, жақын инфрақызыл диапазонда мультиспектрлік арналары бар. Қамту жолағының ені аппарат ұшырылымы желісінің екі жағын бұрышынан түсіру мүмкіндігімен 20 шақырымды құрайды.
Меншік құқығын алған «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ өз активтерін ұлғайтып, КazEOSat-1-ді коммерциялық пайдалануға кіріседі.
Меншігінде ЖҚЗ ғарыш аппаратының пайда болуымен Қазақстан Республикасы ғарыш мониторингі және болжау саласындағы өз озық тәжірибесін пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Бұл - төтенше жағдайлардың алдын алу, оның мониторингі, олардың салдарын бағалау, пайдалы қазбалар мен энергия тасығыштарды барлау, өндіру, жердің экологиялық мониторингі, оны картографиялау, бақылау, жоспарлау, ауыл шаруашылығы мен елдің қауіпсіздігі сияқты міндеттер.