«KAZNEX INVEST» форумы қорытындысында Үрімшіде $4 млн. астам сомаға келісімдер жасалды


Үрімші қаласында қазақстандық-қытайлық бизнес-форумы - қазақстандық кәсіпорындардың 5-ші сауда миссиясын өткізді. 

Мұнда Қазақстанды май және ұн өнімдері, салқын сусындар, жылуды оқшаулайтын, құрылыс, химиялық материалдар, медициналық бұйымдар мен препараттар шығаратын, сондай-ақ көліктік-логистикалық қызметтерді көрсететін 15 кәсіпорын таныстырды. 

Қытайлық тараптан форумға Халықаралық саудаға ықпалдасу комитетінің Шыңжаңдағы бөлімінің орынбасары Ню Мин, кеден және карантин қызметкерлері, сондай-ақ қызығушылық танытқан 100-ден астам қытайлық компания қатысты. 
Бизнес-форум қатысушыларының алдында «KAZNEX INVEST» АҚ-ның ҚХР-ғы өкілі Қайрат Керімов сөз сөйледі. 
Өткзіліп отырған бизнес-форумның аясында бірқатар қазақстандық кәсіпорындар жалпы сомасы 4 млн. доллардан асатын бастапқы аясындағы келісімдерге қол жеткізді.