«Әлемде экономикалық дамудың стандарттан тыс ахуалын бастан өткеруде. Бүгінде экономикалық дамудың өсімі көптеген елдерде баяулап, тұтыну көлемі төмендеуде және нарықтар қысқаруда. Бұл факторлар Қазақстанды да айналып өтпеді. Биылғы жылдың өткен төрт айындағы жағдайды талдай келе, еліміздің тауар айналымы біртіндеп төмендеп келе жатқандығын айтуға болады, осы орайда қысқару минус 37 пайызды құрады. Оның ішінде импорт 17 пайызға, экспорт 46 пайызға қысқарды»,-деді Майкенов.
Бұл тұрғыда «KAZNEX INVEST» өкілі қазақстандық экспорттың құрылымы мен қарқынына ықпал еткен негізгі төрт факторды атады. Бірінші кезекте бұл өзінің талабын қойып отырған сыртқы нарықтардағы ахуалға байланысты болып отыр. Осы орайда шикізаттық тауарларға бағаның құлдырауы экспорттың төмендеуіне әсер етіп отыр.
Екінші фактор, Қытай экономикасының бәсеңдеуі Қазақстан экономикасының құрылымына ықпал етті. Бізде металлургиялық өнімнің экспорты 40 пайызға қысқарды.
«Үшінші фактор ретінде РФ нарығын атап өтпекпіз. Біз біраз уақыттан бері ресейлік рубль айналасындағы жағдайды байқап отырмыз. Түрлі болжамдар пен пікірлер айтылды, алайда ахуал тұрақты болып қалуда. Ресей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 4 айдың қорытындысы бойынша 18 пайызға төмендеді. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, Ресей мен Беларусь арасындағы туар айналымы 30 пайызға қысқарды. Ақшалай мәндегі 18 пайыздық қысқару 1 млрд. доллардан сәл астам қаржыны құрайды. Оның ішінде 700 млн. доллар - импорт, яғни осыншама қаржыға Ресейден тауарларды кем сатып алдық. Сәйкесінше, 300 млн. долларға ресейлік нарыққа кем өнім жеткіздік»,-деді ол.
Ал төртінші фактор ретінде Орталық Азия елдері бағытындағы сауда мәселесі аталып өтті. Орталық Азия елдерінің үлесіне өңделген тауарлар экпортының 11 пайызы тиесілі. Атап айтқанда, соңғы жарты жылда ОА-ның барлық елдері ұлттық валюта бағамына 5-тен 25 пайызға дейінгі аралықта түзетулер жүргізді. Кавказдың кейбір елінде оның деңгейі 35 пайызды құрады. Осы орайда қазақстандық тауарлар аталған нарықтарда 20 пайызға қымбаттау бола бастады. Салдарынан Орталық Азия мен Кавказ елдеріне экспорттың қысқаруы 16 пайызды қамтыды.
«Индустрияландыру бағдарламасы тұрғысында айтатын болсақ, осы бағдарламаны дер кезінде жүзеге асыру шаралары, шикізаттық емес экспорттың дамуы және Индустрияландыру картасы бойынша жаңа өндірістердің дер кезінде іске қосылуы елімізде тұрақтылықтың жаңа қорын қалыптастырды. Аталған бағдарламаны іске асырудан экспортқа 14 пайыздық деңгейде үлес қосылды»,-деді М. Майкенов.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан әлемнің 50 ірі экспорттаушыларының қатарында, яғни бүгінде 43 орынға тұрақтады. Көмірсутек шикізатын жеткізушілердің ондығына, бидай секілді стратегиялық азық-түлік тауарларын экспорттаушы елдердің ондығына еніп отырмыз, сондай-ақ уран мен сары фосфорды жеткізуде бірінші орында болсақ, ұн экспорты бойынша екінші орындамыз.