Кеше Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев газеттің редакциялық ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Жаңа басшы болып Александр Тараков тағайындалды, ол бұрын АҚ вице-президенті лауазымында қызмет атқарған.
А. Тараков 1961 жылы Черкасск облысының (Украина) Чигирин қаласында дүниеге келген. 1983 жылы С. М. Киров атындағы ҚазМУ-ін, ал 1993 жылы ҚМЭБИ (КИМЭП) журналист, саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. Университетті бітіргеннен кейін "Ленинская смена" газетінде, "Арай-Заря" журналында жұмыс істеген. 1998 жылы "Казахстанская правда" газетінің бас редакторының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті