«Казросинвестпроект» жаңа кеңсеге көшіп, халық сенімін жаулай түсуде!

Салымшы:

- Бізге Бақытты босату керек – болды, басқа ештеңенің керегі жоқ. Босатқанда ақшаны қайтып беру керек қой, ол отырғанда не болады, бүкіл адамның ақшасы қалып қойды. Ана жерге отырғызып қойып, талап етеміз ғой, ақшаны қайтару үшін.

- Қазір кімге өтініш жазып жатырсыздар?

- Құдайға өтініш жазып жатырмыз, кімге жазамыз?! Отырған адамға қай жаққа өтініш жазамыз? Шығару керек, талап етеміз!

Жаңа кеңсеге орын қаланың шетінен таңдалып алыныпты. Есікке “Ақшаларыңызды қайтару жөнінде Мұқанованың атына өтініш жазыңыздар” деген хабарландыру да іліп қойған. Бірақ хабарды естіп осында келген салымшыларды күзетшілер ішке кіргізер емес. Маржан Мұқанованың өзімен біздің тілшілер де тілдесе алмады. Десе дежұрт мекеменің жаңа жерге ауысуын жақсылыққа жориды. Прокуратура болса, фирманың халыққа қайтаратын «көк тиыныжоқ» деп отыр. Өйткені қаржы пирамида негізінде жиналғандықтан, яғни, ешқандай кесілім-шартсыз алғашқы салымшыларға кейінгілері салған ақшаны таратып беріп отырғандықтан- есеп-шот та ашылмаған екен.


Марат Мағжанов, Ақмола облысы прокурорының орынбасары
:

- Олар тіпті салымшылармен келісім-шарт жасаспаған. Серіктестіктің  әрбір салымшыға қанша қарыз екені еш жерде көрсетілмеген. Сондықтан салымшылардың неге әлі күнге дейін сеніп жүргені белгісіз. Мұқанованың өз ақшасы болып жатса- таратып берсін. Бірақ ол тергеу амалдары кезінде «ақшам жоқ»деді.