"Егер еліміздің тұңғыш жер серігін жасауға 55 млн. доллар жұмсалған болса, техникалық параметрлері біршама жақсартылған екінші жер серігін жасау 115 млн. долларға түспекші",- деді Ғ.Мырзақұлов "Қазақстанда ғылымның басым даму бағыттарын анықтау және ғылыми әлеуетті бағалау" атты халықаралық форум аясындағы брифингте.
Оның айтуынша, бұл - "дүниежүзінде бар шағын ғарыштық аппараттардың орташа құны".
"Жуырда Қазақстанның екінші жер серігін жасауға дайындық жұмыстарына бағытталған байқау процедуралары аяқталды. Байқауда "М. В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы" жеңіске жетті",- деді ол.
"Олар бұл мәселеге қатысты жақсы сабақтастық сақтап қалды. Ойдағыдай техникалық сипаттамаларды қамтамасыз етті, сондай-ақ, компания лайықты баға ұсынды. Олар сондай-ақ орбитада еліміздің ойынан шығатындай орынды ұсынып отыр",- деді Ғ.Мырзақұлов.
"Жер сірігін 2009-жылға дейін жасап шығару жөніндегі уағдалы мерзімде жұмыстар аяқталады", дегенге маман сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті