Kazsat-2 жерсерігіндегі ақауға байланысты бірқатар телеарнаның хабар таратуы үзілді

цифрлық эфирлік телехабар тарату желісінде «Қазақстан» РТРК облыстық телеарналары мен «Алау ТВ», «МТРК СҚО» телеарналарының хабар таратуы үзілді. Бұл туралы kazteleradio.kz сайты хабарлайды. Сондай-ақ Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының телевизиясы мен Павлодар облысының аналогтық радиохабар таратуынан өзге барлық облыстық телерадиоарналардың аналогтық эфирлік желіде трансляциялануы уақытша тоқтап тұр, деп хабарлайды 
http://24.kz/
.