деп хабарлады жұмада "Байқоңыр ғарышжайындағы дереккөз.
Әңгімелесушінің айтуынша, 30-сәуір күні Байқоңыр ғарышжайынан "Протон-М" зымыраны ұшырылмақ, ол орбитаға екі серікті –ресейлік "Луч-5В" пен қазақстандық "KazSat-3" алып шықпақ.
"2014 жылы жазға қарай РФ Орынбор облысындағы Домбаровский ғарышжайынан "Днепр" зымыраны ұшырылмақ, ол Жерді қашықтықтан барлаушы қазақстандық KazEOSat-1" серігін алып шықпақ", деді ол.
"KazSat-3"-ті қазақстандық "Республикалық ғарыш байланысы орталығы" АҚ-ның тапсырысы бойынша академик М.Ф. Решетнев атындағы "Ақпараттық серіктік жүйелер" ААҚ құрастыруда.
"KazEOSat-1" Surrey Satellite Technology Ltd (SSTL) ағылшын компаниясы құрастыруда, ол SSTL-150 базасының платформасында жасалуда.
Бүгінгі таңда Қазақстанда бір ғарыштық аппарат бар – телекоммуникациялық "KazSat-2", ол орбитаға 2011 жылы 16-шілде күні шығарылған.