деп хабарлады инвестициялар және даму министрлігінің Қазғарыш төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков.
"Ол (KazSat-3 - ИФ-Қ) орбитаға шығарылды, ғарышқа ұшу сынақтарынан өткізіле бастады. Сынақтың жүргізілгендігіне үш айдай болды, қазір аяқталып қалды", деді ол Астанада бейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" "Қазақстандағы ғарыш күндері - 2014" деп аталатын халықаралық семинар арасында.
М.Молдабеков атап өткендей, бұл сынақтан соң аппарат есепке алу сынағынан өтпек. "Бүкіл жүйе есепке алынады, сосын ғана, жемісті нәтижелерден соң ғана желтоқсанда пайдалануға беріледі", деді ол.
Қазақстандық үшінші байланыс серігі Байқоңыр ғарышжайынан 28-сәуір күні ойдағыдай ұшырылды, 28-мамыр күні белгіленген орбитаға шықты.