Kcell-ге 11,5 млн теңге көлемінде айыппұл салды

Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ұялы байланыстың қазақстандық операторы Kcell-ге әкімшілік өндіру ретінде 11 млн 508,960 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлады Қазақстандық қор биржасы (KASE) компанияның ресми хатына сілтеме жасай отырып.


           Соттың 2013 жылғы 29-шілде күнгі қаулысына орай "Кселл" АҚ-на Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 209 бабының 1-ші тармағында көзделген құқық бұзушылық үшін әкімшілік өндіру белгіленді", делінген хабарламада.
           Бұл санкцияның қолданылуы Kcell-дің қаржылық жағдайына әсер еткен жоқ, делінген хабарламада.
           Компанияның негізгі акционерлері Sonera Holding B.V. ( TeliaSonera-ның 100 пайыз еншілесі) - 24%, Fintur Holdings (TeliaSonera және түріктік Turkcell бірлескен кәсіпорын) - 51%. "Кселл" АҚ акциялары Қазақстандық қор биржасының (KASE) ресми тізімінде.