К.Денякиннің отбасы шығын көлемін 22 млн АҚШ долларына бағалап отыр


Елена Денякина, марқұм Кирилл Денякиннің анасы:

- Деньги это что, никакой  суммы не хватит,чтобы вернуть сына...

Марқұмның анасының АҚШ-қа жетуге қаражаты болмағандықтан, шағымды сотқа сол жақтан жалдаған қорғаушылары берген. Алайда арыз бір айдан соң ғана қаралады. Жәбірленуші тарап істің алқа билердің қатысуымен қаралуын сұрап отыр. Себебі:Кириллдің өліміне байланысты тергеу әлі аяқталмапты. Жат жерде қыршын кеткен жігіттің ата-анасы сот процесі бастала қалған жағдайда оған қатыса алмауы да мүмкін. Бұған тағы да қаржы мәселесі себеп. Естеріңізге сала кетсек, осыдан екі жарым ай бұрын отандасымыз Кирилл Денякин аса күдікті жағдайда АҚШ полицейінің қолынан қаза тапқан.