Ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз табыс тауып отырған халық саны қазіргі таңда 3,6 есеге азайғанын атап көрсетті Елбасы. Ал кедейшілік деңгейінен аз табыс табатын халық саны 2002 жылғы 8 пайыздан шамамен 6 есеге дейін қысқарып, халықтың жалпы санының 1,4 % құрады.
"Осы жылдары біздің мақсатымыз әлеуметтік салаға бағытталған экономиканы құру болатын. Біз адамзат мүмкіншілігінің тиімді даму үлгісін қалыптастырдық, қазақстандық әл-ауқат стандартының негізін қаладық", - деді президент.
Оның айтуынша, тек соңғы он жылда мемлекеттің адамзат потенциалын анықтайтын салаларға, яғни, ғылым мен білімге, мәдениетке, денсаулық сақтауға, халықты әлеуметтік қорғауға бөлген қаражаты 8,7 есеге өскен.
"Тағы бір маңызды бағыт халықты жұмыспен қамтуды жоғарылату саясаты болып табылады", - деп атап көрсетті ол.
Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ, 1997 жылдан бері ең төменгі жалақы 4 есе, номиналдық орташа жалақы 6 есе немесе 8 мың теңгеден 50800 теңгеге дейін артқан.
"Соңғы жылдары Қазақстан орташа айлық жалақы көрсеткіші бойынша ТМД елдерінің арасында көшбасшылардың қатарында келеді. 2002 жылдан бері реформалау жүзеге асырылып келеді, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы өсуде. 2007 жылы ол 2,2 есеге дейін көтерілді", - деді президент.
"Демографиялық жағдайды жақсартуға үлкен көңіл бөлінуде. Болжамдарға сәйкес, келер жылы бала тууға байланысты 315 мың шамасындағы әйел 35 мың теңге көлеміндегі бір мәрте жәрдемақыны ала бастайды", - деді мемлекет басшысы.
"Келер жылдары әлеуметтік салада біз бұдан да жоғары жоспарлар қойып, жаңа міндеттер жүктеуіміз керек", - деп сөзін қорытындылады президент.