Кеден Одағы алаяқтық жолмен ақша табудың көзіне айнала бастады


Қылмыстық жүйенің тәсілі қарапайым. Мәселен, оңай олжаны көздегендер қыруар қаржыға жалған келісім-шарт жасайды. Алдымен ақша оффшорлық аймақтағы шотқа, кейін батыс банктеріне түсіп отырған. Бірақ шын мәнінде тауардың ешқайда жеткізілмейтіні анықталып отыр. Осындай алаяқтықтың алғашқы дерегі Мәскеуде әшкереленді. Енді Қазақстан, Ресей, Беларусьтің құзырлы органдары қылмыстық жүйеге тосқауыл қою үшін жанталасуда. Алаяқтықтың тиылмай отырғанына үш мемлекет арасындағы шекараның ашықтығы да кесірін тигізуде. Қазіргі таңда еліміздің Қаржы министрлігі бұл оқиғаға қазақстандық бизнесмендердің қатысы барлығын тексеруді бастады.