Кеден одағындағы барлық мәселелер мәмілеге келу арқылы шешіледі - шетелдік БАҚ

Айта кетейік, ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 14 желтоқсанда «Астана-Опера» опера және балет театрында ҚР Тәуелсіздік күніне орай өтті.

Кеден Одағына қатысты барлық мәселелер тек өзара мәмілеге келу арқылы шешіледі, сондықтан да ешкімге де қысым жасалмайды, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, деп атап өтті ToDate.su.

«Кеден одағында, Бірыңғай экономикалық кеңістікте, Еуразиялық экономикалық одақта мәселелер тек өзара мәмілеге келу арқылы шешіледі. 3 елдің мәмілеге келуінсіз бір де бір мәселе шешімін таппайды. Сондықтан да ешкімге де қысым жасалмайды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Біз Кеден одағын, Бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайтатын боламыз. Біздің алдағы мақсатымыз - Еуразиялық экономикалық одақты құру. Онымен бірге елдің саяси тәуелсіздігіне ешкім қол сұқпауы тиіс», - деп түйіндеді ол.