Кеден одағының ішкі шекараларында кедендік бақылау алынып тасталуда

РФ Федералды кеден қызметінің бір-екі күн бұрынғы хабарламасына сәйкес, шекараның ресейлік-қазақстандық бөлігінде кеден органдары кедендік операциялар мен Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы өтететін таурлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылау бойынша барлық қызметті тоқтатады.

Кеден одағы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Бірыңғай тарифтерді енгізумен қызмет етуін бастады. Одақтың ішкі шекараларында тауарлардың басым бөлігі бойынша өткен жылдың 1 шілдесінен алынып тасталған. Бұл ретте Қазақстан үшін бір жыл ішінде өтпелі кезең әрекет еткен. Сол мерзімде 406 тауарлық топ бойынша төмендетілген импорттық баж салығы қолданылған.