Ведомствоның ақпаратына қарағанда, өткен жылғы 12 айда Қазақстан Республикасының кеден органдары 645 қылмыстық іс қозғады. Жедел жағдайға және кеден ісі саласындағы қылмыстарды анықтау фактілеріне жүргізілген талдау ашылған қылмыстардың 436-сы экономикалық контрабандаға, 57-сі айналымнан алынған заттардың контрабандасымен байланысты қылмыстарға, 29-ы кедендік салықтарды төлеуден жалтаруға жататындығын көрсетті.
«Қозғалған қылмыстық істер бойынша тауарлар сомасы 10,8 млрд. теңгені, келтірген залалдардың сомасы - 5,6 млрд. теңгені құрады. Заңсыз айналымнан 245 келіге жуық есірткі заттары алынды, оның ішінде 38 келіден астамы - героин», - делінген хабарламада.