Кеден органдарының техникамен нашар жабдықталуы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол беріп отыр - Бас прокуратура

"Заң бұзушылықтарға, соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол беріп отырған басты проблема кедендік органдардың техникалық тұрғыдан нашар жабдықталуы болып табылады",- деді ол сәрсенбіде Астанада өткен брифингте.

"Уақытша сақтау қоймалары, жүкті арту-түсіру техникасы, жүк түсірушілер, орау аппараттары жоқ болып отырғанда, бақылаудың қандай тиімділігі туралы айтуға болады? Бұларсыз 40-тан 70 тоннаға дейін тең-тең жүк тиелген көлікті толық тексеруді қалай талап ете аламыз? Теңді ашқаннан кейін бір теңнің өзі ғана жүк көлігінің кузовын толтырып кетеді",- деді ол.

Кәсіпкерлер бүгінде, кеден саласы маңындағы жұмыс үшін тек ресми рұқсат қана емес, кеденшілердің бүркемелеуін де алу керек дейді, яғни сыбайлас жемқорлыққа меңзеп отыр", - деді Бас прокуратураның ресми өкілі.

С. Нұрпейісов сондай-ақ, Бас прокуратура "өзінің үкіметке енгізген ұсынысында уақытша сақтау қоймасының іс-қызметін лицензиялау мен оларды квалификациялық талаптарға сәйкес болуын бақылауды жүзеге асыру функциясын басқа органға беру мәселесін қарастыруды ұсынғандығын" хабарлады. "Мысалы, бұл қаржы министрлігі болуы мүмкін",- деп санайды ол.

Бас прокуратураның ресми өкілінің пайымдауынша, шекара кедендерін техникалық тұрғыдан жаңарту мен оларды заманауи бақылау құралдарымен техникалық жабдықтау туралы мәселені қарастыру қажет. "Кеден құрылғыларын осы саладағы көшбасшы - атақты дүниежүзілік өндірушілерден алу қажет, деп санаймыз",- деп қорытындылады ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті