Кеденде 20 жыл жатқан Шагалдың туындысы Франциядағы мұражайға тапсырылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер туындысы 2006 жылы Швейцария шекарасында тәркіленген. Картинаны Франциядан алып шығуға қажетті құжаттар болмаған. Осыған байланысты туынды кеден қоймасына жіберілген.

Бұл гравюра 20 жылдан кейін Безансондағы Бейнелеу өнері мұражайына тапсырылды. Көпшілік бұл картинаны биыл қыркүйек айынан бастап тамашалай алады. 

Айта кетейік, Франция тұрғыны Пикассоның 1 млн еуро тұратын картинасын 100 еуроға сатып алды.

Сондай-ақ Лондонда Пикассо, Климт және Модильяни картиналары 270 млн долларға аукционға шықты.