Кедендік бақылау департаменті мен «Атамекен одағы» павлодарлық филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ол КБД басшыларының кәсіпкерлер - сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларымен «дөңгелек үстел» басындағы кездесуінің нәтижесінде болды.

Кеденшілер мен «Атамекен одағы» нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша біріккен шараларды өткізу кезіндегі стратегиялық серіктестік пен өзара әрекеттестік туралы келісті.

Қол қойылған құжат аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызатын болады.