"Кедендік бақылау комитеті Алматы әуежайы арқылы Еуропаның бір еліне аса ірі көлемде есірткі тасымалданғаны туралы мәліметтен хабардар",- деп мәлімдеді бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Әбдішев.
Б.Әбдішев бұл істің егжей-тегжейін жария етуден бас тартты. "Тергеу мүддесіне сәйкес мәселенің мән-жайынан хабар беру әзірге мүмкін емес",- деді ол.
"Қазір қызмет бабындағы тексерулер мен қосымша шұғыл шаралар іске асырылуда",- деді Б.Әбдішев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті