Кеденшілер Павлодар облысында 4 килограмм героин мен 5 килограмм апиын енгізуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды



Есірткі тасымалдаушы кеден және ҚР ҰҚК департаменті қызметкерлерінің бірлескен операциясының нәтижесінде ұсталды.

Кедендік бақылау департаментінен хабарлағанындай, кеденшілер Қырғызстаннан Қазақстан арқылы Барнаул қаласына транзитті бет алған ГАЗ-31029 автокөлігін тексеруден өткізген. Олар бұл әрекетті жай тексеру секілді кейіп таныта жүзеге асырған. Көліктің тізгінінде Қырғызстан азаматы отырған. Кеденшілер автокөліктен алдыңғы қанаттың астына жасырылған құпия қойманы тапты. Одан 9 полиэтилен дорба шықты.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік жүргізушісі қамауға алынды.