Оның сөздері бойынша кедендік бақылау департаменті қызметкерлерінің арнайы өткізілген шұғыл шаралары кезінде Өскеменде 2007 -2008 жылдың қаңтар айлары аралығында Ресей мен Беларусьтен контрабандалық жолмен шетелдік қымбат маркалы көліктер кіргізіліп, оларға жалған кедендік жүк декларациялары толтырылғандығы анықталды.
"Мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдер мен салық түрінде 30 млн теңге төленбей қалды ", - деп хабарлады Д. Оспанов.
"Қазақстанның кедендік шегарасы арқылы ірі көлемде заңсыз кіргізілген көліктерге байланысты ШҚО бойынша 14 қылмыстық іс қозғалды ", - деп мәлімдеді ол.