Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова мәлім етті.
«Халық ІРО бағдарламасына дайындық жұмыстары ойдағыдай өтті. Қазіргі уақытта соңғы әзірлік шаралары жүргізілуде. Келесі аптадан бастап акцияларды орналастыра бастаймыз», – дейді ол.
Сондай-ақ ол KEGOC акцияларына қатысты тәуекелдердің қалыпты деңгейден аса қоймайтынын атап өтті.
«Тәуекелдердің болуы – нарық заңдылығы. Ал баға құбылмалылығы тек екінші деңгейлі нарықта болатынын ұмытпау керек. KEGOC секілді ірі компанияларға мұндай тосын жағдайлардың әсері онша бола қоймайды. Тәуекелдер болуы мүмкін деп қарап отыруға тағы болмайды. Ұзақ мерзімге қаржы салған инвесторлар 5-6 жылда айтарлықтай табысқа қол жеткізеді. Осы мақсатта KEGOC компаниясы табысының 40 пайызын дивиденд ретінде төлеуге жұмсайтын болады», – дейді ол.