«Қазіргі кезде Павлодар энергия торабын нығайту жобасы жүзеге асыру кезеңінде. Сонымен қатар, Батыс Қазақстанды республиканың бірыңғай энергия торабына қосу мәселесін қарастыратын боламыз. Өздеріңіз білесіздер, аталған өңір желісі ұлттық электр желісіне енбей тұр»,-деді ол.
Осы орайда ол компания ұлттық электр желісін жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.
Естеңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар Кеңесінің бекітілген шешіміне сәйкес, алғашқы лекте «KEGOC» АҚ қарапайым акцияларының 25 999 999 данасы саудаға шығарылады.
Қарапайым бір акцияның құны 505 теңге. «KEGOC» АҚ сатылымға шығаралатын қарапайым акцияларына жазылу мерзімі - 2014 жылдың 5 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығына белгіленіп отыр.
«KEGOC» АҚ есеп-шотында компанияның сыртқы қарызына қызмет көрсету үшін қомақты қаржы бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, компания инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін халықаралық қаржылық институттардан 1 млрд. доллардан астам қарыз алды.
«Бүгінде компанияның қарызы 600 млн долларға жуық. Атап айтқанда, компанияның есеп-шотында зайымдарға 1-2 жыл бойы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін валютадағы қаржының қоры елеулі көлемде. Сонымен қатар тарифті қалыптастыру зайымдарға қызмет көрсету бойынша біздің қарыздарды толық жабуға мүмкіндік береді»,-деді Б. Қажиев.
Мұнымен қоса, ол бұл мәселе бойынша компания ел Үкіметімен нақты диалог жүргізіп отырғандығын атап өтті.