KEGOC электржелілік нысандарындағы жөндеу жұмыстары 1 қарашаға таман аяқталады

Хабарламада айтылғанындай, 2008 жылдың қыркүйек айындағы жағдаймен "Жоғары кернеулі желілер бойынша жөндеу жұмыстарының жоспары 75%, подстанциялар бойынша - 69%, арнаулы механизмдер мен транспорт бойынша - 77%, ғимараттар мен құрылғылар бойынша - 95%, басқа нысандар бойынша - 100% орындалған. 220 - 500 - 1150 кВ электр жалғастыру желілерінің жұмысының сенімділігіне кері әсер етуі мүмкін ақаулар анықталып, жойылды .