Кэрри: АҚШ Ауғанстанның болашақ президентімен ынтымақтастыққа дайын

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри таяу сенбіде  Ауғанстанда өтуі көзделген  президенттік және муниципальдық  сайлауға байланысты осылай мәлім етті, деп хабарлайды  ИТАР-ТАСС.

Ол  алдағы дауыс беруді «тарихи» деп атады.

Керридің сөзіне қарағанда,  бұл сайлаулар Ауғанстанда  биліктің тұңғыш рет демократиялық  жолмен ауысуы бола алар еді. «Біздің бәріміз осыған қол жеткізілуіне мүдделіміз»,-деп атап өтті америкалық дипломат.