"Кейбіреулер сияқты ұмытып кетпегеніңе рахмет": Қыдырәлі Болман билік пен халыққа өкпесін айтты

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Продюсер "АБК" мүшелерінің бірінің қуанышына жиналғанын атап өтті.

АБК-ға 30 жыл: қатысушылар не дейді?

"АБК. Кеше кешке біз АБК болып досымыздың тойында болдық. Сол тойдан үзінді. Енді тарихқа көз жүгіртсем, мен киелі Тәуелсіздігімізді алған 1991-жылы,Медеу 1992-ші, Ерлан 1993-жылы “Азия дауысы” Халықаралық конкурсына қатысып, 1992-жылы мен конкурс қонағы болғанда Медеу конкурсант болды, мен оған жанашыр болдым, Ерланға Медеу екеуіміз жанашыр болдық. Солай таныстық.

Тәуелсіздік алғаннан кейін жастар арасында, эстрадада тек қана Кирил Ли, Парвиз Назаров, Дут-Л, Яшлык, Бублики сияқты басқа тілді топтар мен әншілер болды. Дос-мұқасаннан кейін жастардан заманауй топ керек. Әрі намыс, әрі қазақ тіліндегі әндер қажеттігінен, еліміздің шоу-бизнесін қазақша қалыптастыру керектігінің де алғашқы қадам,-АБК тобы болды.

Тоң болып қалған мұзды жарып шығу үшін алғашқы клип түсіруді көздедім, талантты режиссер Ақан Сатаевқа тапсырдым. 1991-жылдан бері қарай алғашқы хит,-Ахмедиар Есмұханов ағамның “Тамшылар” әні болды.

Содан кейін 4-5 жылдарда үштік топтар көптеп қалыптаса бастағанын білесіздер. Келесі жыл АБК тобын құрғаныма,Ерлан мен Медеу үшеуіміз бірлікке келгенімізге 30-жыл болады екен, Құдайға шүкір.

Енді концерт дайындайық па, Қазақстан бойынша елді аралап турне жасаймыз ба,- деп ойланып отырмыз…
Ниет бар,қалай боларын бір Алла ғана біледі. Сіздер қалай ойлайсыздар ? Қандай талап-тілектеріңіз бар ?

Қайырлы түн, Қазақ Елі ! Отбастарыңызға аиандық, бақыт,береке тілеймін!", - деп жазды ол.

АБК тобы тұрғанда, МУЗАРТ-қа аллея салу керек, мүсін қою керек дегені несі - халық

Көпшілік олардың ел аралап, турне ұйымдастыру идеясын қолдаған. Сондай-ақ олар атақты "АБК" тобына лайықты баға берілу қажеттігін ескерткен.

Продюсер неге өкіпелі?

Продюсер халықтың АБК тобын МУЗАРТ тобымен салыстыруына байланысты пікір білдірген. Ол "Кейбіреулер сияқты үмытып кетпегеніңе Алла разы болсын" деп жазған.

Көпшілік оның кімді ұмытқанын біле алмай жарыса пікір қалдырып жатыр.

"Ол кімдер екен? Айта отырсаңыз?", "Бір жапырақ қағаз бермеген билік пе?" деп жазып жатыр желі қолданушылары.