Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Жылдар бойы спортты дамытудан гөрі, спортқа бөлінген қаржыны бөлісуді ойлағандардың дәурені жүрген сияқты еді. Миллиардтар бөлінді, бірақ оның нәтижесін халық емес, белгілі бір топтар ғана көрді.
Бүгін сол жайлы сұрақ қойыла бастаса, шу шығатыны заңдылық. Өйткені қаржының соңынан бақылау жүрген жерде мазасыздық та көбейеді.
Қазір жан-жақтан үндеу жасап, дабыл қағып жүргендердің бәрі шындық үшін күресіп жүр деп айту қиын. Кейде сахнадағы актерлерді көргенімізбен, қойылымның режиссерлері тасада қалып жатады.
Спорт саласындағы былықтарды қоғам да біледі, құзырлы органдар да біледі. Бір өкініштісі, кейбіреулер спортты ұлт саулығы мен абыройының емес, табыс табудың көзіне айналдырып алған.
Спортқа бөлінген әр теңге — халықтың ақшасы. Сондықтан бұл салада есеп те болуы керек, жауапкершілік те болуы керек.
Егер шу көбейсе, бәлкім мәселе реформада емес, бұрынғы жайлы орнын жоғалтқысы келмейтіндердің қарсылығында шығар. Әділдік орнаған жерде айқай көбейгенімен, ақиқат бәрібір жеңеді”, - деп жазды заңгер.