«Менің ойымша, халықтық бақылаудың мәні зор. Әсіресе, аудандық, облыстық іріктеулерден әділ өту өте жауапты мәселе. Сондықтан жергілік жерлерде «Нұр Отан» партиясы арқылы халықтық бақылауға сеніміміз зор. Өкінішке қарай, кейбір облыстарда осы күнге дейін іріктеу жарыстары шалағай өтіп келеді. Соның барлығын жою үшін «Нұр Отан» партиясы мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі тарапынан тиісті қадағалау болады деген ойдамын», - деді А.Шораев.
Оның сөзіне қарағанда, іріктеу жарыстарында былтыр Қарағанды облысы түгел қамтылмады. Осыған байланысты осы өңірдегі жауапты ведомстволарға қатаң ескерту жасалды. Бұл тұрғыда А.Шораев биыл осындай жағдай қайталанған облыстардың өкілдері ақтық сайысқа енгізілмейтінін атап өтті.
Өз кезегінде ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев жергілікті жерлерде «Қазақстан Барысының» сапалы өтуіне қатысты тиісті тапсырмалар берілгенін атап өтті.