Кей жолдарда көлік қозғалысына қойылған шектеулер алынып тасталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметі бойынша, республикалық маңызы бар тас жолдың үш учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашық:

  • "Екатеринбург – Алматы" а/ж (1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау );
  • "Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау" автомобиль жолы (51-101 км, Ақмола облысының шекарасы – Нұра ауылы);
  • "Қызылорда – Павлодар" а/ж (788-906 км, Ұлытау ауданының шекарасы – Топар ауылы). 

    Сонымен қатар республикалық маңызы бар "Екатеринбург – Алматы" тас жолының (1505-1610 км, Новостройка ауылы – Ақсу-Аюлы ауылы) учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол ашық болады.

    Бұған қоса республикалық маңызы бар "Екатеринбург – Алматы" тас жолының (1610-1854 км, Ақсу-Аюлы ауылы – Балқаш) учаскесінде қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалыс шектеулері алынып тасталады.