Кейбір айырбастау пункттерінде АҚШ долларының сатылуы тежелуде


Оның үстіне Астананың көптеген айырбас пункттерінде АҚШ доллары сатылып жатқан жоқ. Алматыда да осы жағдай байқалуда.
Алматыда доллар кейбір айырбас пункттерінде аз көлемде ғана сатылып отыр.
"Тек екі жүз доллардан ғана сата аламыз», деді Limpopo айырбас пункттері желісінің қызметкері.
Алдында хабарланғандай, дүйсенбіде теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда 21,41 теңгеге дейін түсіп, 273,55 теңгені құрады.