Ә. Сәйденовтың айтуынша, "Егер мүмкіндік пайда болса, бұл жақсылықтық нышаны, алайда, бұл айтылған мерзімнен ертерек болуы да ғажап емес. Отандық 3 банктің тәжірибесі бойынша, тікелей синдикатты ғана тартып қана қоймай, ипотекалық облигициялардың бір бөлігін секьютеризациялауға болады".
Бұл жерде Бас банк төрағасы Казкоммерцбанк, "БТА " және Халық банктің тәжірибесін мысал ретінде келтірген.
Бас банкир атап өткендей, " алдағы жыл оңай болмайды, өйткені банктердің стратегиясында сыртқы қарыздарды тарту маңызды орын алған".
"Әрине, бұл көздер болмағандықтан, банктер өз жұмысына өзгерістер енгізіп, ішкі нарықтағы мүмкіндіктерді пайдалануға көшеді, немесе инвесторларға бет бұрып, акциялар мен облигацияларды шығару туралы мәселені қарастыруф керек", - деді ол.
Ә. Сәйденов айтқанындай, "қазір банктер бұл стратегиядан бұрын, қысқа мерзімді тәсілді ойластыруда. Ал алдағы жылы банктердің туындаған жағдайға байланысты бейімділігін, қызметіндегі өзгерістерден көретін боламыз".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті