Кейбір жоспарларымызға өзгеріс енгізгенімізге халқымыздың алаңдауына еш негіз жоқ - Елбасы


«Біз әлеуметтік міндеттерді мұқият сақтай отырып, кейбір жоспарларымызға өзгерістер енгізетін боламыз. Бірақ біздің халқымыздың алаңдауына еш негіз жоқ. Оны мен айтқанмын», - деді ҚР Президенті.

Елбасы өз сөзінде Қазақстан экономикасының тамыры терең іргесі мығым, қоры жеткілікті екендігін баса атап өтті.

"Біз мұндай өткінші қиындықтарды түгел алапат дағдарыстарға қарамай, қайыспай төтеп бергенбіз. Азаттықтың алғашқы жылдарындағы қиындықтарды еске алыңыздар. Азия дағдарысынан, тіпті дүниежүзілік дағдарыстан да табысты өттік. Экономикасы кемімеген санаулы елдердің қатарында болдық. Сол күндердің өзінде бойға қуат, ойға сенім орнаттық», - деді Мемлекет басшысы.