"Кейде ұлым сабаққа аш кетеді": Көзі көрмейтін жігіт аула сыпырып жүр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Осы уақыт аралығында ол отбасын құрып, көпбалалы әке атанды.

"Жұмысты жақсы көремін. Жұмыстан қайтпаймын. Жұмыс істемесем бала-шағамды кім асырайды? Басшылық ешқандай қысым жасамайды. Жағдайымды түсінеді", - дейді аула сыпырушы Нұртілеу Жаналиев.

Нұртілеу жалқаулық пен жұмыссыздық ауру шақырады дейді. Сондықтан өзі бір тынған емес. Алайда алаяқтардың арбауынан кейін баспанасыз қалғаны жанына батады. 

"Алдағы мақсатым – үй алу, бала-шағамды жеткізу. Басқа маған ешнәрсе керек емес. Бастысы бала-шағам өзім сияқты қиыншылық көрмесе деймін. Кейде үлкен ұлым сабаққа аш кетеді. Мен не істеймін? Балама "өмірдің қиындығына шыда" деп айтамын. Мен де әкем қайтыс болғаннан кейін 11-12 жасымнан пәтерде келе жатырмын ғой", - дейді аула сыпырушы Нұртілеу Жаналиев.
 

"Жұмыс оңай емес. Басшылардың тапсырмасын орындауға тырысыамыз. Нұртілеу Жаналиев ешқашан бізді ұятқа қалдырмаған. Жұмысына көңіліміз толады. Жұмысты бөлгенде ол жігітті еш жерге жалғыз жібермеймін", - дейді бригада шебері Үсіп Құдайсүгіров.


Нұртілеу 4 баласы мен жүкті әйелінің жатақхананың жалдамалы бөлмесінде тұрып жатқанына қынжылады. Тапқаны отбасының керек-жарағынан ауыспайды.