Кейінгі екі жылда Қазақстанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі 46 лицензия кері қайтарып алынды

"2005-2006-жылдары жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан келісім-шартындағы міндеттемелері мен лизенциялық шарттардың орындалуына жасалған талдау қорытындысы бойынша министрлік 145 ескерту жолдап, 156 лицензия мен келісім-шарттарының жұмысы тоқтатылды, 26 лицензияның күші жойылып, 28 келісім-шарты бұзылды",- деді министр.

Сонымен бірге Бақтықожа Ізмұхамбетовтың айтуынша, 2006-жылғы байқаулардың қорытындысы бойынша, жер қойнауын пайдалануға тиісті келісім-шарттарына қол қойылған жағдайда, "жазылатын бонус" атты бап бойынша бюджетке түсетін түсімдер 690 млн долларды, ал "аймақтардың әлеуметтік дамуы" атты бап бойынша 500 млн долларды, "Астана қоры" атты бап бойынша 120 млн долларды құрауы мүмкін.

Министрдің айтуынша, 2006-жылы ол басқаратын мекеме 111 нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға ашық байқау жариялаған. Соның ішінде көмірсутегі шикізаты бойынша 23 нысанға, қатты пайдалы қазбалар бойынша 64, жер асты сулары бойынша 24 нысанға байқау жарияланған. Байқау қорытындылары бойынша, жер қойнауын пайдалануға 84 нысан, соның ішінде көмірсутегі шикізаты бойынша 21 нысан, қатты пайдалы қазбалар бойынша 50, жер асты сулары бойынша 12 нысанға қатысты жеңімпаздар анықталды. 26 нысанды барлауға, 39 нысанда барлау мен өнім өндіруге, 18 нысанда өнім өндіруге рұқсат берілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті