Кейінгі жарты жылда Алматыда дені сау оқушылардың үлес салмағы 42%-дан 47% дейін өсті - денсаулық сақтау басқармасы

"Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтауға күш салынып, қалалық бюджеттің есебінен кіші сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету нәтижесінде осы санаттағы балалар денсаулығының индексі өсе түсті. Дені сау балалардың үлес салмағы 42-ден 47% дейін өсті. Темір тапшылығы мен ас қорыту органы ауруларымен ауыру деңгейі төмендей түсті", - деді З. Аманжолова.