Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Өмірлеріңізге негатив адамдарды, өсекшілер мен өтірікшілерді, мақтаншақтарды, кеудемсоқтарды, дүниеқоңыздарды жолатпаңыздар.
Олар өмірлеріңізді бір-ақ сәтте тозаққа айналдырып, өздері түк болмағандай жүре береді...
Солардың бетін тіліп жіберсең қан шықпайды-ау...
2018 жылдан бастап сондай адамдар маңайымда тарақандай қаптады... сідікжан, сайрауық, амешкиналардан бастап, қарақұзғын, маңқабай, амесековалар қостап... көпбалалы аналардың да небір түрін көрдік... ал доссымақтар қастық жасап, аяқтан шалғанда кімнің кім екенін түсіндім ғой... Олардың тарақан, нарцис, эгоист, вампир екенін сол кезде білмесем де, қазір бәрін он саусағымдай танып, білдім... Қазір олардың сыртынан "е, байғұс-ай, бір күні сені де аяқтан шалып құлататындар табылар..." деймін де қоямын...
45-50 жасқа дейін баладай ақ адал жүрегім қандай аңғал, аңқау, жұмсақ болған десейші!..
"Досым деп доңызбен де мұңдасыппын..."
(Қайран, Мұқағали!..)
Қазір ол Сәуле өлген... сендер өлтіргенсіңдер, екіжүзді доңыздар!... Ендігі қатыгез Сәуледен ешқайсысың жақсылық күтпеңдер!.. Әрқайсыңның жағаңда қолым кетеді.. Өлсем, көрге бірге ала кетемін!.. Кектің не екенін, ақ жүрекке түкіргеннің не екенін көрсетейін сендерге...
*Жалғыз Досым, сен аман болшы!", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.