"2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап шекара арқылы жүк рәсімдеу және тасымалдау процедурасы оңайлануы тиіс. Шекарада бақылауды тек екі қызмет қана атқаратын болады. Ол кедендік және шекара қызметі. Ал көлік, фитосанитариялық, санитарлық-эпидемиологиялық, мал дәрігерлік секілді басқа да бақылау органдарының қызметі кеден органдарының мойнына жүктелетін болады", - деп көрсетілген департамент жариялаған хабарламада.