Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.
БАҚ өкілдерінің аталған мәселеге қатысы сауалына жауап берген ол Астана-Щучье автожолы ақылы болатындығын айта келе: «Бірақ қазіргі кезде біз оны техникалық сынақтан өткізіп жатырмыз. Бұл шаралар аяқталғаннан кейін барлық мемлекеттік органдармен тиісінше талап нормалары қаралады. Ары қарай біздің ойымызша, келесі жылдың мамыр айынан бастап елімізді алғашқы ақылы жол іске қосылады», - деді.
Министрдің атап өтуінше, жол жүру ақысы қанша теңге көлемінде болатындығы әзірше шешілген жоқ. «Қазіргі кезде мемлекеттік органдармен тиісті шаралар жүргізіп, оны нақтылау үстіндеміз. Анықталғаннан кейін БАҚ арқылы жұртшылыққа жеткіземіз», - деді А.Жұмағалиев.