Мұндай мәлімдемені ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев жасады. Білім және ғылым министрлігінде жаңа реформа дайындалып жатыр. Келесі жылдан бастап емтихандарды тағы да бөлу жоспарланып отыр. Телеарнаның хабарлауынша, "министр ҰБТ өзін-өзі ақтамады деп есептейді".
Сондай-ақ, биыл ҰБТ 118 мың адам тапсырып жатқаны айтылды. Бұл барлық мектеп бітіруші түлектердің 82 пайызын құрайды. ҰБТ 5 маусымға дейін жалғасады.
Телеарна ақпаратына сүйенсек, кеше Алматыда ҰБТ кезінде Ұлттық техникалық университеттегі тексерушілер тестінің екі нұсқасын шатыстырып алған. Осы себепті абитуриенттердің 70 пайызы ең төменгі балл жинай алмаған.
"Аппеляциялық комиссияны арыздар басып қалды. Қазір қатені түземекші болып жатыр", - деп хабарлады телеарна дүйсенбі күнгі жаңалықтарында.