"Келешек" жинақтау жүйесін енгізуді көздейтін Заңға Президент қол қойды

"Келешек" жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы тарқатады.

"Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі бес жастан асқан балаларды қамтиды.

Мемлекет тарапынан:

-бастапқы білім беру капиталын құяды.

-жыл сайын мемлекеттік сыйлықақы төленеді.

-инвестициялық табыс та қарастырылған.

"Біржолғы бастапқы білім беру капиталы 2025 жылы және одан кейінгі жылдары 5 жасқа толатын балаларға төленеді. Оның мөлшері Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін бастапқы білім беру капиталын есептеу, пайдалану және қайтару қағидаларына сай есептеледі", - деп жазылған ресми хабарламада.

Қазір қолданыста Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бар. Келешек осы жүйемен бірге баланың болашағы үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді.

Яғни, 5%- жыл сайын бөлінетін мемлекеттік сыйлықақы. 7%- халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін көзделген мемлекеттік сыйлықақы.

Жиналған қаржыны техникалық және кәсіптік білім алуға, орта мектеп бітіргеннен кейін жоғары білім алуға және жоғары оқу орнынан кейін білімін жетілдіруге, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға болады.