Келешекте ерлер кофе дайындап, әйелдер ақша жасайды

«Біздің аналарымыздың кезінде әйелдер екінші сұрыпты адамдар ретінде қарастырылатын. Ерлер ақша жасайды, әйелдер кофе дайындайды деген қатынас болатын... Университеттерде оқымайтын жігіттердің санын назарға алатын болсақ, болашақта оларға кофе дайындауға тура келетін сияқты», - деді ол сейсенбі күні ДИЭФ іскер әйелдерінің форумында.

«Қазір әйелдер жұмыс істейді, күн көретін қаржы көздері бар, тұтыну көлемінің 80% солардың үлесінде... Қазір өз бизнесін құрып жатқан әйелдер саны көбейіп келеді», - деді Н. Мохамед.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әлемді әйелдер басқарып отырғанына сенімді екенін жеткізді.