Келешекте Еуразиялық интеграция Еуроодаққа пайдалы болмақ

"ЕАЭО құру кезінде біздің елдер Еуропалық одақтың құрылуы тәжірибесін негізге алды, әрине, бізге лайықталып, бейімделген жағын пайдаланды», деді ол "Интерфакс-Қазақстан" берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ-біздің ел мен біздің көршілеріміздің азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктер платформасы іспетті.

"Қарап көріңіздерші, ортақ кеңістік шеңберінде көрші елдер арасында шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Ал бұл елдер тарихи жағынан ұқсас шаруашылық , саудалық және мәдени байланыстармен біріккен ғой», деді ол.

"Сол себепті бізде Еуропалық Одақ алдына шыққан қиындықтар болмайды деген сенім бар», деді ол.


Сонымен қатар ол келешекте Еуразиялық интеграция Еуроодаққа пайдалы болмақ, деп санайды.