Caravan Logo

Келесі аптада елімізге Қытай басшысы келеді

Келесі аптада елімізге Қытай басшысы келеді

Бұл жайлы ҚХР СІМ ресми өкілі Лу Канның хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігінің ақпаратына сүйеніп.    

Құжатта «ҚХР төрағасы Си Цзиньпин 7-10 маусым аралығында мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді. Ол ШЫҰ мемлекет басшыларының 17-інші кеңесіне және Астанадағы халықаралық мамандандырылған ЭКСПО көрмесіне қатысады» делінген.

8-9 маусым күндері Астанада ШЫҰ-ының саммиті өтеді. Саммит қатысушылары Үндістан және Пәкістан мемлекеттерін ұйымның толық құқықты мүшелігіне ұсыну жөнінде шешім қабылдайды деп жоспарланып отыр.