Келесі жылдан бастап ел тұрғындары емдеу мекемесіне сақтандыру полисімен барады

Ұлт жоспарында көрсетілген тың өзгерістерді сырбойылықтарға түсіндіру үшін білікті мамандар арнайы барды. Жаңа жүйенің талабы бойынша ендігі жерде жекеменшік клиникалар да кез-келген тұрғынға есігін айқара ашады. Диспансерлік есепте тұрғандарға дәрі-дәрмек автоматтандырылған жүйемен беріліп, тұңғыш рет ауруларды басқару бағдарламасы жасалмақ. Ал міндетті профилактикалық тексеруден өткендерге берілетін анықтаманы бұдан былай жұрт емханадан емес, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алады.


- Жұмыссыздар, балалар, жүкті әйелдер, көпбалалы әйелдер, зейнеткерлер жалпы 15 категорияға кірген жағдайлары төмен адамдарға Үкімет өз тарапынан төлемдерін төлеп тұрады. Күрделі, жедел көмек көрсету және санавиация, вакцинация жасау ол проблемалардың бәрін Үкімет өз тарапына алады, дейді А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургиялық-ғылыми орталығының бас директоры Болат Баймаханов.