Келесі жылы Астанаға аты аңызға айналған боксшылар келеді

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) 2017 жылы жылсайынғы 55-ші конвенция Қазақстанда өткізілетіні туралы ресми жариялады. Бұл туралы ұйымның Twitter-аккаунтында жазылды, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Қазақстан, 2017 жылы кездесеміз! WBC 55-ші жылсайынғы конвенциясы», - делінген хабарламада.

Астанада келесі конвенцияны өткізу ұсынысын Холливудте (Флорида) өтіп жатқан (11-17 желтоқсан) WBC 54-ші конвенциясында Дүниежүзілік бокс кеңесі мақұлдады.

Айта кетейік, таяуда WBC белбеуінің жаңа дизайнында Қазақстанның туы бейнеленеді. Бұл Геннадий Головкин WBC титулы мен белбеуін жекпе-жексіз алғаннан кейін мүмкін болды. Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес қазақстандық чемпионмен жұдырықтасудан бас тартқан еді.